Атыраудағы мектеп дәретханасы қала тұрғындарының ашуын тудырды
"Мой город" басылымының хабарлауынша, дәретханалар өзара бөлінбеген. Балықшы шағын ауданында орналасқан Ломоносов атындағы мектептегі дәретхана суреті басылымның редакциясына түскен деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

"Мынау менің балаларым оқитын мектептің дәретханасы. Ата-аналар жиналысынан кейін елімізде болып жатқан соңғы оқиғаларды ескере отырып, дәретханалардың жағдайын көрмек едім. Сөйтсе бір кабинада екі унитаз орнатылған, аралары бөлінбеген. Бұл этиканы айтпағанда өте ыңғайсыз", - дейді ата-аналардың бірі Николай.
Қалалық әкімдікте бұл жағдайға түсініктеме беріп, биылдан қалдырмай мұндай келеңсіздіктер түзетілетініне уәде берді. Қала әкімінің орынбасары Ұлықбеқ Тыналиев мұндай келеңсіздіктер бірнеше мектепте бар екенін мойындады.
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"