Атырауда жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады
Атырауда жедел жәрдем көлігі жеңіл көлікпен соқтығысты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Прикаспийская коммуна" сайтына сілтеме жасай отырып.
Сурет: pricom.kz
Атыраудағы жол-көлік оқиғасы 11 қыркүйекте сағат 19:30 шамасында Балауса шағын ауданында болған. Жедел жәрдем көлігі қосалқы жолмен келе жатып, басты жолмен келе жатқан Toyota Land Cruiser-ге соғылған.
Апаттың салдарынан жедел жәрдем көлігі үйдің қоршауына соқтығысып, соның кесірінен жеде жәрдемнің екі жолаушысы, жеңіл көліктің жүргізушісі жарақат алды. Зардап шегушілер бірден ауруханаға жеткізілді.
Таразда жүкті әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен: Ол тергеу жүргізілмегеніне шағымданды
Тұрғын: "Істің неге тиісті деңгейде жылжымай тұрғаны түсініксіз"
Астанада бес баланың анасы қатерлі ісігінің асқынуына дәрігерлерді кінәлады
Дәрігерлер жатыр мен аналық бездерді түгел алып тастамақ