Атырауда жасөспірім қыздардың төбелесі видеоға түсіп қалды
Атырауда колледж студенттері сабақтан шыға сала, шаштарын жұлып, төбелесті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Төбелес Атырау қаласында орналасқан Құқық және бизнес колледжінің маңайында болған. Сабақтан шыққан осы колледждің қыздары бір-бірлерімен төбелесіп, шаштарын жұлып, тепкінің астына алған. Жасөспірімдердің не үшін төбелескені белгісіз.
“Төбелескен жасөспірімдер анықталып, ата-аналарына хаттама толтырылды. Іс Атырау облыстық ауданаралық мамандандырылған кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотына жолданды, - деп хабарлады Stan.kz тілшісіне Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сот істің әлі келіп түспегенін мәлімдеді. Сол себепті әзірге соттың тентек қыздардың ата-аналарына қандай жаза қолданатындығы белгісіз.
Қазақстанды дүр сілкіндірген лесбиянкалар отбасындағы өлім: Өзінен 12 жас үлкен әйелмен некелескен Кристина Чернышева оның қолынан қалай көз жұмды
Қыздың денесі қаланың шетіндегі мола жанынан табылған
Қазақстандағы ең ірі мәмілелер: "Қазақмыс" пен "Қазцинктің" жаңа қожайындары туралы не белгілі
Саясаттанушылар екі кәсіпкер мен олар жасаған мәмілеге қатысты пікір білдірді