Атырауда жалған вакцина паспортын сатқан медбике ұсталды
Атырауда жалған вакцина паспортын жасап, сатып келген медбике тұтқындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қайсар Абдалиевтың айтуынша, қалалық емхананың бірінде заңсыз жолмен вакцина паспортын жасаған медбикенің ісі әшкереленген.
"Қазір өңірде жалған вакцина паспортын жасауға жол бермеу үшін барлық екпе бекетінде бейнебақылау камералары орнатылды. Медицина қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстары жүргізді. Соған қарамастан, облыс әкімдігі және ішкі істер департаментімен бірлесіп жүргізілген рейдтік іс-шара кезінде медбикенің жалған вакцина паспортын жасағаны анықталды. Бұл – жемқорлық қана емес, халықтың денсаулығына қауіп төндірген әрекет", – дейді Қайсар Абдалиев.
Қазір кіші буын медицина қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған
Қаскелеңде автобус қағып кеткен студенттің ісі жабылып қалған: Анасы қызының ауыр жарақат алғанын айтады
СДУ алдында автобус қызды қағып кеткен, алайда полиция істі көп ұзамай жауып тастаған