Атырауда төрт бала өрт шыққан үйде қалып қойды
Атырауда өртке оранған үйде төрт бала қалып қойды. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Өрт "Авангард 4" ықшам ауданындағы 5 қабатты үйден шыққан.
"Өрт туралы ақпарат 7 шілде күні сағат 06.20-да келіп түсті. Өрт сөндірушілер баспалдақ маршының көмегімен төрт баланы құтқарып қалды", - делінген хабарламада.
Ауданы 15 шаршы метр болатын жатын бөлме өртенген. Өрт 06.50-де ауыздықталды.
2003 жылы туған бала иіс газына тұншығып, ауруханаға жатқызылды.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"