Атырауда суды бөгеу үшін құм салынған қаптарды бір топ адам ұрлап кеткен
Атырауда жағалаудағы бөгет ретінде салынған құм қапшықтарын ұрлағандар ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Атырау облысының төтенше жағдайлар қызметінің баспасөз қызметі
Атырау облысының төтенше жағдайлар жөніндегі штабы біреулер құм салынған қапшықтарды ұрлағанын мәлімдеді.
"18 сәуір күні сағат 21:00 шамасында Атырау қаласындағы Жайықтың жағасында су тасқынына дайындалған бөгеттердегі құм салынған қаптарды ұрлағандар анықталып ұсталды. 42, 32, 37, 38 жастағы ер адамдар мен 34 жастағы әйел тұрғын үйді қоршау үшін көлікке қаптарды тиеген", – делінген хабарламада.
Олардың үстінен ұсақ ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"68 мың теңге келді": Қазақстандықтар коммуналдық қызмет бағасының күрт өсуіне шағымданды
Тұрғындар төлемнің ай сайын өсіп отырғанына күдікпен қарап отыр
Жолақы төлемейтін жолаушылардың кесірінен автобустар лық толып жатыр: Әкімдіктер кептелістің себебін түсіндірді
Бұл мәселе желіде қызу талқыланып жатыр