Атырауда сот Қазақстанды Ресейге қосу туралы пікір айтқан ер адамды жазадан босатып жіберген
Атырауда сот Қазақстанды Ресейге қосу туралы пікір айтқан ер адамды жауапкершіліктен босатып жіберген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: mgorod.kz
Желіде тараған видеодан қару ұстаған ер адамның "Қазақстан жақын арада Ресейге қосылады" деп айтып жатқанын көруге болады. Сондай-ақ жанынан бірнеше адамның күлгені естіледі.
“Біз тұратын қала Атырау деп аталады. Бұл қала Самарадан небәрі 500 шақырым жерде. Мұнда 50% орыстар болған, қазір жан-жақтан келі, ақырындап бізге қысым көрсетіп жатыр. Бірақ біз Беларусь сияқты Қазақстан да Ресейсіз ешқайда бара алмайды деп есептейміз. Менің атым Максим, ең бастысы, ҰҚК басып кірмесе болды", – дейді ер адам.
"Орал – Ресейдің қаласы": БҚО-да сепаратистік пікір айтқан екі тұрғын бес жылға сотталды
Кейінірек желіде Максимнің екінші видеосы пайда болды, онда ер адам өзінің пікірі бұрмаланғанын және шын мәнінде Қазақстан азаматы екенін айтып, сөзі үшін көпшілік алдында кешірім сұрайды.
Облыстық полиция департаменті қаңтарда күдіктінің үстінен заңсыз қару мен есірткі сақтағаны, сондай-ақ ұлтаралық араздықты қоздырғаны үшін қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Алайда психофилологиялық сараптама ұлттық немесе діни араздықты қоздыру фактісін анықтаған жоқ. Нәтижесінде бұл айып бойынша қылмыстық іс тоқтатылды. Алайда есірткі мен қаруды заңсыз сақтағаны үшін жауапқа тартылған.
Еске салсақ, бұған дейін Ресейде екі қазақстандықтың 13 жылға сотталғаны туралы жазған едік.