Атырауда шетелдік транссексуал мен ер адам интимдік қызмет көрсетумен айналысқан
Атырауда интимдік қызмет көрсетушілер арасында транссексуал және ер адам анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Полиция таратқан ақпаратқа сүйенсек, Атырау облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері интимдік қызмет көрсететін саунаны анықтаған. Саунада еліміздің түрлі өңірлерінің – Шымкент, Алматы және Жамбыл облыстарының 8 тұрғынына "қызмет" көрсетілген.
“Әкімшіге қатысты Қылмыстық кодекстің 309-бабы (Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды”, – делінген мәліметте.
- 102-ге 49 рет қоңырау шалған әйелдің өлімі: Полицейлерді жұмыстан шығармай, тек қатаң сөгіс жариялады
- Қазақстанда енді жол апаты орын алғанда жүргізушілер полиция шақырмай-ақ оқиғаны онлайн тіркеп өтемақы ала алады
Сонымен қатар "Құқықтық тәртіп" іс-шарасы барысында интимдік қызмет көрсеткен Тәжікстан Республикасының 26 жастағы транссексуал азаматы мен интернет желісі арқылы интимдік қызмет көрсету үшін тапсырыс қабылдаған ер адам белгілі болғаны айтылды.
“Қазақстанға қараша айында келген шетелдік азаматқа қатысты елден шығару жөнінде іс-құжаттар көші-қон басқармасына тапсырылды. Барлық анықталған тұлға жезөкшелікпен айналысқандар есебіне тіркелді”, – дейді полиция.