Атырауда қоқыс арасынан бірнеше мемлекеттік ту табылды
Атырау облысындағы вахталық лагерь аумағында қоқыс арасынан Қазақстанның бірнеше туы табылды. Оқиғаны жергілікті тұрғындар видеоға түсіріп алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой город” порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Видеода қоқыс арасында жатқан туларды көтеріп жүрген бірнеше адам көрінген.
“Бұл SICIM базасы. Мемлекеттік рәмізіміз №8 квартал маңындағы қалдықтардың арасында жатыр. Қандай көзқарас? Біз шара қолдануды талап етеміз", - деген видео авторлары.
Бейнежазба Қарабатан кен орны аумағында түсірілген болып шықты. Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 372-бабы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қорлау" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Тергеу мүддесі үшін тәртіп сақшылары басқа мәліметтерді жарияламады.
Баптың санкциясында ірі айыппұлдан екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Қаскелеңдегі атышулы құпия ит сою орны мен ет тасымалы: Істің 1 жылдан кейін тоқтатылғаны белгілі болды
Мина Исмаилова: "Сою орны әлі күнге дейін жұмыстарын жалғастырып жатқанына сенімдімін"
"Қол қусырып тұра алмадым": Алматылық әке 1 жастағы көршісінің баласын қалай аман алып қалғанын айтып берді
Әкенің айтуынша, балаларына анасының өмірден өткенін түсіндіру де оңай болмаған