Атырауда қауіпті қалдықты сақтаған мұнай компаниясына 923 млн теңге айыппұл салынды
Атырау облысында экологияны ластаған және қауіпті қалдықтарды сақтаған мұнай компаниясына 923 млн теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ашық дереккөз
Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы "Жылыой Болашақ" ЖШС-і рұқсат құжаттарынсыз мұнай шламдарын жинақтау бойынша қызметті іске асырғанын анықтады.
"Мәселен, 2022 жылдан бастап қауіпті қалдықтарға жатқызылған 477 тонна мұнай шламы жинақталған. Осы факті бойынша "Жылыой Болашақ" ЖШС-ға сот 923 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды", – делінген прокуратура хабарламасында.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар