Атырауда қауіпті қалдықтарды заңсыз сақтаған "Жылыой Болашақ" компаниясына миллиард теңгеге жуық айыппұл салынды
Атырауда қауіпті қалдықтарды заңсыз сақтаған компанияға миллиард теңгеге жуық айыппұл салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Хабар 24 арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Жылыой болашақ" серіктестігіне қатысты сот ісін облыстық мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы қозғады. 2022 жылдан бері кәсіпорын рұқсатсыз 477 тонна қауіпті қалдықтарды сақтаған. Сот қаулысы заңды күшіне енді.
"Прокуратура Экология департаментіне заң бұзушылықты жою туралы өтініш берді. Олар компанияның үстінен талап-арыз түсірді. Іс Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған сотында қаралды. Осы факті бойынша "Жылыой болашақ" ЖШС-не 923 млн теңге әкімшілік айыппұл салынды", - деді мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасының прокуроры Еркебұлан Ермеков.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"