Атырауда із-түссіз жоғалған 12 жасар қыз екі күннен кейін табылды
Атырауда із-түссіз жоғалған 12 жасар қыз екі күннен кейін аман-сау табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"2010 жылы туған жасөспірім үйінен 27 маусым сағат 19:00-де үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Ата-анасы 28 маусым күні сағат 15:00-де полицияға хабар берген. Жоғалған қыз 29 маусымда 18:00-де табылды", - дейді полицейлер.
Жасөспірім құрбыларының үйінде болыпты. Бірақ ата-анасына ескертпеген.
Атырауда егіз қыздар үшінші қабаттың терезесінен құлап кетті
Айта кетейік, бұған дейін 12 жасар қыздың іздестіріліп жатқанын хабарладық.
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған
Қаскелеңде автобус қағып кеткен студенттің ісі жабылып қалған: Анасы қызының ауыр жарақат алғанын айтады
СДУ алдында автобус қызды қағып кеткен, алайда полиция істі көп ұзамай жауып тастаған