Атырауда 12 жасар қыз екі күннен бері іздестірілуде
Атырауда 12 жасар қыз із-түссіз жоғалып кетті. Айзия Бахаеваны соңғы рет 27 маусым күні көрген. Екі күннен бері қыздан ешқандай хабар жоқ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" порталына сілтеме жасап.

"Айзия ешқашан ескертусіз кетпейтін, үнемі байланыста болатын. Ал қазір оның телефоны сөндірулі, оған хабарласа алмай отырмыз. Әдетте ол спорттық киім мен кроссовки киіп жүретін. Мінезі де өжет, пысық. Бірақ сол күні ол күтпеген жерден көйлек киіп кетіпті", – дейді Аружан Жахияева.
Қыздың туыстары оның жоғалғаны жөнінде шағым түсірді. Қазіргі уақытта оны полиция қызметкерлері іздеуде. Айзия Бахаеваны көрген-білгендер болса, мына телефон арқылы хабарласуды сұрайды: 8 775 917 19 69 немесе 102.
Қазақстандық түрмелерде сотталғандар енді отбасымен видеотаксофон арқылы сөйлесе алады
Қазір ел бойынша 18 мекемеде 86 видеотаксофон орнатылды
"Дипломынан айырылғалы отыр": Алматыда әскерге күштеп әкеткен студенттің анасы президенттен араша сұрады
Жанаттың айтуынша, ұлы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің күндізгі бөлімде мемлекеттік грант негізінде білім алып жүрген