Атырауда футбол жанкүйерлері жаппай төбелес шығарған: 30 адам ұсталды (видео)
"Ақтөбе" мен "Атырау" футбол командалары арасындағы матчтан кейін Атырауда жаппай төбелес болып, полиция бөліміне 30 адам жеткізілген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Атырау облысы полиция департаментінің хабарламасына сәйкес, 19 маусымда 17:55-те "Атырау" мен "Ақтөбе" арасындағы матч алдында жанкүйерлері арасында жанжал туындаған.
"Атырау полиция басқармасына қызметкерлер қоғамдық орында тәртіп бұзған 30 адамды жеткізді. Сәйкес құжаттар жиналып жатыр", – делінген Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған хабарламада.
Ведомстводағылар әлеуметтік желідегі полиция қызметкерлері азаматтарды ұстау барысында дыбыс гранаталарын қолданғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.
"Полицейлер дыбыс әсері бар арнайы құралдарды қолданған жоқ. Жанкүйерлер қолында түрлі-түсті түтін мен дыбыстық петардалар болды. Зардап шеккендер жоқ", – деп қосты ведомстводағылар.
Алматылықтарға жер сілкінісінен қорғайтын арнайы "қауіпсіздік торы" ұсынылды
Құрылғының көлемі шамамен лифт кабинасындай болады және оған бір отбасы сыя алады
Топ чемпионатта ойнағым келеді, ал білім мен спортты қатар алып жүру маңызды қағидам — Әділет Садыбеков
Әділет Садыбеков – Чемпиондар лигасында гол соққан үшінші қазақ футболшысы