Атырауда екі ер адам көп қабатты үйдің шатырынан құлап кетті
Атырауда қауіпсіздік белдігін тақпаған екі адам 5 қабатты үйдің шатырынан құлап, қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқыс оқиға 21 ақпанда Атырау қаласында болған. Бұл деректі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
"Атырау қаласының "СМП-163" шағын ауданында орналасқан 7-үйде жаңғырту жұмысы жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты 5 қабатты үйдің төбе жабындысын ауыстыру кезінде 2 жұмысшы құлап кеткен. Оның бірі 25-те, екіншісі 36-да болған. Жұмысшылардың қауіпсіздік белдігін тақпағаны анықталды. Екеуі де оқиға орнында мерт болды", – деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау полицейлері түн ортасында көпірден секірмек болған бойжеткенді құтқарғанын хабарлаған едік.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі