Атырауда қаңғыбас иттер тұрғындарға шабуылдауда
Атырауда қаңғыбас иттер адамдарға шабуыл жасауда. Иесіз жануарлар Балауса шағын ауданының тұрғындарын қорқытады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап.
Атырауда жақында алабай ер адамға шабуыл жасап, көршілері құтқарған. Тұрғындардың айтуынша, көршілер дер кезінде келмегенде, оқиға соңы өкінішті аяқталар еді. Осыдан кейін тұрғындар сыртқа шығудан қорқады және биліктен олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап етеді. Дәрігерлердің айтуынша, қазір зардап шеккен ер адамның жағдайы тұрақты. Полиция иттің иесін тапты, хаттама жасалды. Ит карантинде, он күн бойы мамандар оны тексеріп, қандай ауруы бар екенін анықтайды.
Атыраулықтардың бірі балаларының таңертен сабаққа барып, кеш қайтатындарын алға тартып, иттердің босып жүруі қауіпті екенін айтты.
“Менің баламды да ит тістеді. Жақын арада өз көзіммен иттің қозыға тап беріп, мысықты қауып алғанын көрдім. Мұның бәрін әлеуметтік желіде жарияладым, бірақ әкімдік тарапынан әрекет байқалмады” – дейді тұрғын.
Соңғы үш күнде шағын ауданда 16 бұралқы ит болды.
Атырау қалалық ветстанция директорының орынбасары Мадихан Рысымбеков пікір білдірді.
“Қалада үш бригада жұмыс істейді, тағы біреуі құрылуда. Ұсталған жануарлар он күн ішінде ветеринариялық өңдеуден өтеді” – дейді Рысымбеков.
Қала тұрғындары үй жануарын қараусыз қалдырған адамдарға жазаны қатаңдатуды сұрайды