Атырауда бозбала өзенге батып кеткен 5 жасар баланы құтқарып қалды (видео)
2 қыркүйекте Атырау қаласында Орталық дене шынықтыру кешені маңында Жайық өзеніне бала құлап кеткен. Батып бара жатқан баланы сол маңнан өтіп бара жатқан жасөспірім құтқарып алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“2 қыркүйек күні сағат 18:00 шамасында Атырау қаласында Орталық дене шынықтыру кешені маңында Жайық өзеніне бала құлап кеткен. Батып бара жатқан баласын әкесі өзі құтқармақ болған”, – делінген полиция дерегінде.
Кейін шағын қайықпен сол маңнан өтіп бара жатқан 16 жастағы Евгений Русаков есімді бозбала дереу көмекке келген.
- Теңізге батып бара жатқан қыздарды құтқарды: Ақтаулық батырдың кім екені белгілі болды
- Сыйақыдан бас тартқан: Ақтауда ер адам теңізге батып бара жатқан қыздарды құтқарып қалды
Сонымен қоса көмек сұраған дауыстарды естіген патрульдік полиция батальонының қызметкерлері полиция лейтенанты Ақжол Қибатоллаев және полиция аға лейтенанты Бердібек Хабибуллаев оқиға орнына жеткен.
Кейін полицейлер оларды жағалауға шығарып, жедел жәрдем шақырған.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі