Басты жаңалықтар
Атырауда бес ауылды су басты
Атырауда бес ауылды су басты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Құрманғазы ауданында бірнеше күн жауған жаңбырдан кейін бес ауылды су басқан. Атап айтқанда, Кудряшов, Құрманғазы, Бөкейхан, Сафон және Дыңғызыл ауылдарында әлеуметтік нысандар, жолдар мен үй аулалары су астында қалды.
Осыған орай, аудандық әкімдікте шұғыл арнайы комиссия құрылды. Ең алдымен балабақша, мектеп, аурухана, дүкендер мен базарлардың айналасы судан тазартылды.
"Әкімдікке көптеген шағым келіп түсті. Бірінші кезекте су басу қаупі бар орталық көшелер мен жеке үйлердің аулаларына мән берілуде. Қазір жағдай бір қалыпқа түсті. Тек Құрманғазы ауылдық округінде ғана тиісті жұмыстар жалғасуда. Онда екі вакуум көлігі мен алты адам жұмылдырылып, 160 текше метр су сорылды", – делінген хабарламада.
Талқылау

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
Әлия мен Мәншүк "Кеңес Одағының батыры", Хиуаз Доспанова "Халық қаһарманы атанды. Бірақ есімі еленбеген, ерлік танытқан қыздарымыз көп

"Жеті жыл күттім": Алматылық жас жігіт 53 жастағы әйелдің жүрегін алғаннан кейін өмірі қалай өзгергенін айтты
Рецепиент Данияр 10 жасына келгенде ауруы асқынып, оттегі баллонын қолдануға мәжбүр болған