Атырауда әйел жаңа туған сәбиін дәретхананың шұңқырына тастай салған
Атырау облысы Индер ауданында безбүйрек ана жаңа туған сәбиін дәретханаға тастап кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қылмыс 3 қазан күні болған. Ұлын көшедегі дәретханада босанған әйел, нәрестені шұңқырға тастай салған. Шырылдаған нәрестені ауыл тұрғындары тауып алды.
“Ауруханаға жеткен кезде ауыр хәлде болды. Денесі суықтап қалған. Дәрігерлер аман алып қалды. Анасы да табылып, аудандық ауруханаға жатқызылды", – деп хабарлады Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы.
Полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын бастап кетті.
Оралдағы инфекциялық ауруханада 13 жасар қыз көз жұмды: Ата-анасы дәрігерлерді кінәлап отыр
Қызы қайтыс болғаннан кейін әкесі барлық тиісті органға арыз жазғанын айтады
Мұғалімнің қысымынан көз жұмды деген Ясминаның соңғы хабарламалары жарияланды
Айтуынша, Ясмина жігітпен қарым-қатынасын тоқтатқанын, сөйлеспейтінін айтып, мұғалімнен үнемі кешірім сұрап келген