Атырауда 20 жастағы қыз көпірден секіріп мерт болды
Атырауда 20 жастағы қыз Жайық өзеніне көпірден секіріп мерт болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Ақ Жайық» сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 29 қазан күні кешке болды.
«Сағат 23.05-те төтенше жағдайлар қызметіне Балықшы ықшамауданындағы қыз көпірден өзенге секірді деген хабарлама келді. Құтқарушылар қайғылы оқиға орнына 12 минуттан кейін жетті. Өкінішке қарай, оны құтқара алмады», - деп хабарлады ТЖД.
Қыздың мәйітін құтқарушылар келгенге дейін өзеннен шығарып алған. Қазіргі уақытта өлімнің мән-жайы анықталып жатыр.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар