Атырау тұрғындары он екі сағаттан бері сусыз отыр
Желтоқсанның 9-нан 10-на қараған түні Жайық өзеніне мұз қатуына байланысты Атырау тұрғындары сусыз қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Түн ортасында қала әкімдігі судың алдағы уақыттарда қалпына келтірілетінін хабарлағанымен, арада 12 сағат өтсе де тұрғындар сусыз отыр. Сондай-ақ су тарту нысандардағы сорғылардың қатып қалуы салдарынан қала мен қала маңындағы ауылдардың тұрғындары сусыз қалған.
"Қаланың су қабылдағыш құрылыстарын іске қосу үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда. Мұз кептелістері жойылған соң су жүйелі түрде берілетін болады", - делінген хабарламада.
Атыраулықтар пәтерлеріндегі су қысымының төмендігіне шағымданды. Қазір Атырауда 7 градус аяз.
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған
Қаскелеңде автобус қағып кеткен студенттің ісі жабылып қалған: Анасы қызының ауыр жарақат алғанын айтады
СДУ алдында автобус қызды қағып кеткен, алайда полиция істі көп ұзамай жауып тастаған