Атырау тұрғындары қыз баланы зорламақ болған педофилді ұстап алды
Атырауда ер адам кәмелетке толмаған қызға қарсы сексуалдық зорлық-зомбылық жасамақ болды, деп хабарлайды облыстық ДП.
Полицияның мәліметінше, оқиға 6 тамызда кешкі сағат 19.45 шамасында «Көктем» шағын ауданындағы азық-түлік дүкенінің жанында болған. Күдікті алкогольдік масаң күйде болған.
«Полиция қызметкерлері оқиға орнынан дереу шықты. Күдікті қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 121-бабы бойынша жүргізілуде», - деп хабарлады Атырау облыстық ДП баспасөз қызметі.
«Ақ Жайық» басылымы ер адамның кішкентай қызды қолынан ұстап, оны алып кетуге тырысқаны туралы хабалады. Бірақ жергілікті тұрғындар мұны байқап, баланы алып кеткен, содан кейін полиция шақырған. Ұсталған адамның 42 жаста екендігі және ол Атырауға жұмыс істеуге келгені де айтылады.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар