Атырау облысында су тасқыны кезінде жоғалып кеткен ер адам табылды
Атырау облысында полицейлер жоғалған ер адамды дронның көмегімен тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото видеодан алынды
“Жылыой ауданының полициясына 49 жастағы ер адамның Қарағай ауылынан Құлсарыға қайықпен шығып, хабар-ошарсыз кеткені туралы ақпарат келіп түсті. Бүгін таңертең Қарағай елді мекенінен 10 шақырым жерде су тасқынынан пайда болған аралдан полиция қызметкерлері дронның көмегімен 49 жастағы ер адамды тапты”, – делінген хабарламада.
Ер адамның жағдайы тұрақты, туыстарының жанында.
Айта кетейік, даламызды су басып, төтенше жағдай туғанда алғашқы болып көмек қолын қырғыз бауырлар созды.
6 сәуір күні Қырғызстаннан шыққан 15 көлік Атырау, Ақтөбе, Қостанай және біздің өңірге бөлінді. 9 сәуір күні гуманитарлық көмек тиелген 4 жүк көлігі Орал қаласына келіп тоқтады.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"