Атырау облысында пойызды қуған тұрғындар видеоға түсіп қалды
Атырау облысында теміржол бойымен пойыздың артынан жүгірген тұрғындардың әрекеті желіде талқыға түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, оқиға 4 маусымда Сағыз станциясында орын алған. Жастар осылайша әскерден келген жора-жолдастарын күтіп алған.
"Бұл жастар – аудандық орталықтардың, ауылдардың тұрғындары. Олар достарын тағатсыздана күткендіктен жолға қарай жүгірген. Аз уақыт күтсе, пойыз станцияға келіп тоқтайтын еді", – деді ПД өкілдері.
Пойыздың баспалдағына шығып алған екі азамат әкімшілік жазаға тартылды. Олардың бірі 18 жаста, екіншісі 19 жаста. Екеуі де 5 АЕК (14 585 теңге) көлемінде айыппұл арқалады.
Баланы бұрышқа тұрғызу тәрбие ме, әлде психологиялық зорлық па
Тәрбиеші: Баланың әрқайсысының мінезі әртүрлі болғандықтан, олардың арасындағы жанжал мен төбелестің алдын алу оңай емес
Әйелімнен таяқ жедім деген қазақстандық ер адам әділдік іздеп жүр
Ержанның айтуынша, қызы есейген соң анасының жағына шығып, екеуі бірге өзіне қол көтеретін болған