Атырау облысында оқушыны ұрған мұғалім мектеп директоры болып тағайындалды
Атырау облысында оқушыны ұрған мұғалім мектеп директоры болып тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеодан скрин
Желіде Атырау облысында мұғалімнің сабақ үстінде оқушыны балағаттап жатқан видеосы тараған еді. Қолданушылардың айтуынша, оқиға өткен жылы болған.
Қазір бұл мұғалім сол мектептің директоры болды. Облыстық білім басқармасы жағдайға қатысты түсініктеме берді.
Қазақстанда мектеп директорлары мен мұғалімдерін тағайындау ережелері жаңартылды
"2024 жылдың 4 қарашасында конкурс қорытындысы бойынша С.Т. Жұпарғалиев Қадыр Мырза Әли атындағы мектептің директоры болып тағайындалды. Мәлімдемеде оның білім саласында 35 жылдық тәжірибесі бар екені нақтыланады. Тағайындау кезінде ата-анадан да, әріптестерден де түсініктеме берілген жоқ. Байқау белгіленген талаптарға сай өтті”, – делінген хабарламада.
Ал, білім басқармасы бұл оқиғаға қатысты қызметтік тексеру бастады. Оның нәтижесіне қарай заң аясында тиісті шаралар қабылданатын болады.
Еске салсақ, осыған дейін Павлодар облысында мұғалім өзін балағаттаған оқушының үстінен арыз жазған еді.