Атырау облысында оқушы мектептерге террористік шабуыл жасалады деп қорқытқан
Атырау облысты полиция департаменті экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері облыстағы мектептердің бірінің 9-сынып оқушысын анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Polisia.kz
Полиция таратқан ақпаратқа сүйенсек, жасөспірім анонимді Telegram-арна құрып, онда 21 сәуір күні Индер ауданындағы мектептерде террористік акті жасалатыны туралы хабарлама жариялаған.
“Жазбамен бірге интернеттен жүктеп алған қарудың суретін салған. Қазіргі уақытта оның осындай басқа да Telegram-арналар құруға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр”, – делінген мәліметте.
- Балаларды теуіп, шыбықпен қорқытқан: Шымкентте балабақшада тәрбиеші көмекшісінің әрекеті шу шығарды
- Балкон жақтауынан ұстап, өмірі үшін күрескен: Ақтөбеде 19 жастағы қызды танысы зорлап, жетінші қабаттан құлатып жіберген
Сонымен қоса полиция терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді.
Бұған дейін желіде Астанадағы мектеп пен сауда орталығында теракт жасалатыны туралы ақпарат тараған.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"