Атырау облысында мұнайшылар жалақыларының сағатпен есептелуін талап етті
Атырау облысының Теңіз кенішінде мұнайшылар бас көтерді. "Теңізшевройлдың" мердігер компаниясы "ҚазСтройСервис" жұмысшылары еңбекақыларының белгіленген сомада емес, сағатпен есептелуін талап етеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтарына сілтеме беріп.

"5 минутта шешілетін әңгіме. Қазір шығамыз", - десті наразылық білдіргендер.
Сондай-ақ, жұмысшылар еңбек жағдайларындағы кемшіліктерді түзетуді талап еткен. Жұмыстан бас тартып, шу шығарған олардың шағымдарын жергілікті әкімдік өкілдері тыңдады.
Жаңаөзенде мұнайшылар наразылыққа шықты
Наразылар Жылыой аудандық прокуратурасына және еңбек инспекциясына арыз жазып берген. Инспекторлар тексеру тағайындалғанын айтты.
2025 жылы болған басты саяси оқиғаларға шолу: Қазақстанда не өзгерді
Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына тоқталдық
Желіде қазақстандықтарға төсбелгілер 350 мың теңгеден сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады
“Намыс” және “Батыр Шапағаты” төсбелгілерінің эскиздерін әзірлеген Бақытбек Смағұл төсбелгілерді алаяқтар сатып жүр дейді