Атырау облысында еңбек инспекциясының қызметкері жұмыс орнындағы екі адамның өлімін жасырмақ болған
Атырау қаласының №2 сотымен облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының бөлім басшысы Сырым Джабасовқа қатысты үкім шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин
Ол кәсіпкердің ақшасын алаяқтық жолмен жымқыруға оқталған. Тергеу мәліметінше, күдікті өндірісте екі қызметкердің өліміне қатысты қылмыстық қудалауды тоқтатпақ болып, лауазымды адамдарға пара беруге итермелегені үшін сотталды.
Сот үкіміне сәйкес ол 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқара алмайды.
Алдын алу шаралары аясында процеске онлайн режимде еңбек инспекциясы басқармасының қызметкерлері қосылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Бұған дейін Ақтөбе облысында білім басқармасының басшысы 18,5 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінген еді.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі