Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысында қол астындағы қызметкерін балағаттаған мектеп директоры жұмыстан қуылды

Әлеуметтік желіде мектеп басшысының қарамағындағы қызметкермен дөрекі сөйлесіп жатқан видеосы тараған еді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ақжайық басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

мектеп сток

Аудиожазбада мектеп директоры: “Мен сотталсам, маған сәлемдемені сен әкеліп тұрасың ба? Қ*тақбас”, – дейді. 

Мектеп басшысының бұл әрекетіне қатысты оқу-ағарту министрлігіне жіберілген сұрау жауапсыз қалмады. Атырау облысының білім басқармасы директордың жазаланғанын мәлімдеді.

“Атырау облыстық білім беру басқармасы Білім туралы заңның 45-бабының 3-тармағының 5-тармақшасына сай, өзіне сеніп тапсырылған мектептің қаржылай шаруашылығын жүргізуде қызметтік өкілеттілігін теріс пайдаланып, міндеттеріне жауапсыз қарағаны үшін Т.Амандосов атындағы орта мектеп директоры 2024 жылдың 4 қаңтарында лауазымынан босатылды”, – делінген хабарламада.

Қалалық білім беру бөлімінің басшысы Айнагүл Дүйсекенованың айтуынша, болған жағдайға қатысты тергеу жүріп жатыр. Ал директор тексеруден кейін Антикордың ұсынысымен қызметінен босатылған.

“Бұл іс қозғалған кезде мен басшы лауазымында емес едім. Мен тамыз айында тағайындалдым, ал іс ертерек қозғалған еді”, – дейді ол.  

Бұған дейін Алматы облысындағы химия пәнінің мұғалімі мен 8-сынып оқушысы арасындағы жанжалдан кейін оқытуышының әкімшілік жауапқа тартылғаны туралы жазған едік. 

Талқылау