Атырау облысында шаяндар қаптап жатыр
Атырау облысы Еркінқала ауылының тұрғыны сары шаяндарды видеоға түсіріп алған. Улы жәндіктердің көбеюі тұрғындардың үрейін тудырып отыр. Бірақ эколог Галина Черноваяның сөзінше, шаяндардың белсенділігіне таңқалудың керегі жоқ. Өткен жылы мұндай құбылыс Жұмыскер мен Нұрсай ауылдарында да байқалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Экологтың айтуынша, Африкада тіршілік ететін қара шаянның уы аса қауіпті. Атырауда тек сары шаянды кездестіруге болады, ол қауіпті емес дейді.
"Сары шаяндардың уын арамен салыстыруға болады. Ауырады, шаққан орыны ыстық инені сұғып алғандай әсер қалдырады. Бірнеше сағаттан соң ауырғаны басылады, улану белгілері жоқ. Шаянның шағуы тек нәрестелер үшін қауіпті болады", - деп ескертті маман.
Әдетте шаяндар аяқ киімнің ішіне кіріп кетеді екен. Сондықтан маман аяқ киімді кимес бұрын мұқият болуға шақырды.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?
Алайда биыл елордалықтар жергілікті бюджет қаржысын үнемдеген көрінеді
"Өліп қала жаздаған кездерім болды": Қарызға батып жезөкше болған қазақстандық табысы туралы айтты
Ләйлә: "Жетім қыздар, күйеуге шығайын деп жүргендер, бұрынғы күйеуінің несиесін төлеп жүргендер бар"