Атырау облысында ауылдардың бірін су басты (видео)
Атырау облысындағы Ноғайты өзені арнасынан асып, Сағыз ауылын су басты. Мұндағы жиырмадан астам үйге су басу қауіпі төнді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Түнгі уақытта ауыл тұрғындары үйлерін тастап, қауіпсіз орынға кетуге мәжбүр болған. Қазір адамдарды колледж бен мектепке эвакуациялау жұмыстары жүріп жатыр.
Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген видеолар тарады.
"Адамдарды эвакуациялау және қорғаныс бөгеттерін салу үшін екі жүз қызметкер жұмылдырылды. Олардың қатарында еріктілер мен полиция қызметкерлері бар. Сондай-ақ онға жуық арнайы техника жұмылдырылған", – делінген жергілікті ATPress ұсынған мәліметте.
Ауыл тұрғындары ақпан айынан бері осымен үшінші рет өзеннің арнасынан тасығанын айтады. Ал жергілікті билік жағдайдың бақылауда екенін айтып сендірді.
Атырау облысы Төтенше жағдай департаменті су басу қауіпі төнген үйлер маңында құмнан бөгет салынғанын мәлімдеді.
Талқылау

"Суды артық пайдаланса, тариф 30% қымбаттайды": Қазақстандықтар су нормасы туралы жаңа ережеге қарсы шықты
Министрліктің мәліметінше, бұған дейін әр өңірде су бағасы әртүрлі есептелген

Астаналық әйел тірі ұлын "өлтіріп", 100-ге жуық әріптесінен ақша жинаған
Жәбірленуші: "Гүлмира Ашимов Ұлттық ұландағы подполковниктің әйелі"