Атырауда аттракцион істен шығып, бес бала зардап шекті
2 шілде күні Атыраудағы “Керемет” саябағында аттракцион кенет істен шығып, оқыс жағдай болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Ақ Жайық” порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин
Әлеуметтік желіде тараған видеодан саябақтағы аттракционның бірі істемей қалғанын көруге болады. Оның кенет істен шығуының салдарынан зардап шеккен бас бала облыстық балалар ауруханаға жеткізілді.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, төрт бала амбулаториялық ем алған соң үйіне жіберілді. Ал бір бала ауруханада әлі ем қабылдап жатыр.
Аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің 306 бабы, 2 бөліміне (Кәмелетке толмағандарға арналған тауарлар немесе қызметтерге қатысты қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Бұған дейін Батыс Қазақстанда 2 жасар баланы жылқы теуіп өлтірген еді.
"Жарты жылдан астам уақыттан бері ізімнен қалар емес": Сталкингтің қауіпті белгілері және одан қалай қорғануға болады?
Психолог сталкерлердің бастапқыда байқалмайтын белгілерін атады
"Еркектен сезіне алмаған қамқорлықты сезіндім": Қазақстандық әйелдер бостондық некеде қалай өмір сүріп жатыр
Алайда кейіпкеріміздің сөзінше, бостондық неке жақсы жағынан гөрі жаман тұсымен ерекше есінде қалған