Атырау облысында алты жасар бала каналға батып кетті
Атырау облысы Құрманғазы ауданында Бірлік ауылындағы каналдың жанында бала ойнап жүріп суға батып кетті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Azh.kz сайтына сілтеме жасап.

14 наурызда Бірлік ауылында 6 және 9 жасар ағалы-інілілер суға толы Щучье каналының жанында ойнады.
Інісі каналға құлайды. Ағасы оны құтқаруға суға түскенімен, өзі бата жаздаған.
Көшеде жүрген жоғары сынып оқушылары балаларды судан шығарып алды, бірақ інісі тыныс алмады.
Тоғыз жасар ағасы аудандық ауруханаға жатқызылды, жағдайы тұрақты. Іс жүзінде тексеру жүргізіледі.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан үкіметі қазақстандық кәсіпкерлерге берген уәдесін неге орындамады?
Кәсіпкерлер жаңа талаптарға байланысты наразылық білдіріп жатыр