Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысы әкімінің қанша жалақы алатыны белгілі болды

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің айына 2 миллион теңгеге жуық жалақы алатыны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазір әкімнің жалақысы көтерілді. Менің айлық жалақым 1 954 000 теңгені құрайтынын білесіздер", – деді Досмұхамбетов.

Бұған дейін жалақысының көлемін Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мәлімдеген болатын. Оның сөзінше, ол айына шамамен 1,8 миллион теңге алады.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев айына 1,9 миллион теңге алады.

Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай айына 783 мың 503 теңге алады. Павлодар қаласының әкімі Асаин Байхано 780 мың теңге жалақы алады.

Талқылау