Атырау мұнай өңдеу зауытының басшыларына қатысты тергеу басталды
Атырау мұнай өңдеу зауытының басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото:kmg.kz
Бұл туралы қаржы мониторингі агенттігі мәлімдеді.
"Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС басшылығына қатысты мемлекетке аса ірі көлемде залал келтіру түріндегі ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – делінген қаржы мониторингі агенттігінің хабарламасында.
Заңға сәйкес қылмыстық іске қатысты өзге мәліметтер жарияланбайды.
Еске салсақ, бұған дейін Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры мен бас инженері қызметінен босатылғаны туралы жазған едік.
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: Ыхтиярхат ала алар ма едіңіз, тексеріп көріңіз
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады