Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау маңындағы су бөгеті бұзылды: Құтқарушылар аймақта тәулік бойы кезекшілік етеді

Атырау жедел штабы 24 мамырда судың көптігі мен қатты желдің салдарынан қала маңындағы Соколок каналы бойындағы бөгет бұзылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Атырау жедел штабы

"Соколок" каналы – Атырау қаласына бағытталған үлкен су нөпірін Жайық өзені арқылы реттеудің негізгі элементтерінің бірі. Бұған байланысты канал бойындағы алғашқы қорғаныс нысанына қосымша, қаланы тасқын сулардан қорғауға арналған екінші қорғаныс нысаны салынғанын атап өткеніміз жөн", – делінген жедел штаб хабарламасында.

Сонымен қатар екінші қорғаныс бөгетінің беріктігін қамтамасыз ету мақсатында қосымша нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бөгеттің биіктігі Балтық биіктік жүйесінің деңгейіне сәйкес ұлғайтылады.

"Бұл учаскеде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып отыр. Қазір жағдайдың өзгеруіне байланысты қажет шешімдер алу үшін қосымша техникалар жіберілді", – деп толықтырды штаб.

Фото: Атырау жедел штабы



Еске салайық, бұған дейін су ресурстары және ирригация министрлігі Қазақстан мен Қытай шекарасындағы бөгеттің бұзылуына қатысты түсінік бергенін жазған едік. Министр Шығыс Қазақстан облысына барды. Бөгет Қазақстан шекарасынан Қытай тарапына қарай 100 шақырым жерде жарылған

Талқылау