Атырау қаласында үшем дүниеге келді
Атырауда 22 жастағы Аянгүл Сабитова есімді келіншек үшемді дүниеге әкелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Көрнекі сурет
Отбасы күні қарсаңында туған үшемдер – ер балалар. Екі сәбидің салмағы – 1 кг 800 г, ал үшіншісі – 2 кг 200 г.
“Ана да, балалар да өздерін жақсы сезінеді. Үшемдерді анасының жанына орналастырдық. Қазіргі таңда ауруханада дәрігердің бақылауында”, – деп мәлімдеді перинаталды орталықтың шала туған нәрестелерді күту бөлімінің меңгерушісі Турлен Бегеева .
Жас ана үшемді 34 ай мерзімінде кесар тілігі көмегімен босанған. Жедел отаны орталық директорының меңгерушісі, акушер-гинеколог Асқар Кенжеғалиев жасады.
Соңғы 8 айда Атырау облысында 11 мың 333 бала дүниеге келген. Оның 114-і егіздер.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі