Атырау балықшылары 200 келілік балық ұстады
Атырауда "Амангелді атындағы" ЖШС бригадасы Орал-Атырау балық зауытының балықшыларымен бірлесіп салмағы 200 келі болатын қортпа балығын ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" порталына сілтеме жасап.

Фото: Балық шаруашылығы комитеті
Балықты тексерістен өткізу үшін балық зауытының өндірістік базасына жеткізді. Бұл туралы балық шаруашылығы комитетінің ресми өкілі Аслан Жеңісұлы айтты.
Егжей-тегжейлі ақпарат кейін жарияланады деп уәде берілді.

Фото: Балық шаруашылығы комитеті
Айта кетейік, қортпа — бекірелер тұқымдасына жататын ақ балықтың бір түрі, ұзындығы 424 сантиметрге, салмағы 1 тоннаға дейін болады. Каспий, Азов, Адриат, Қара теңізде және оларға құятын өзендерде болады.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар