Атырау әуежайында 166 жолаушысы бар ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып кетті

14 қаңтар күні Атырау әуежайында қонған FlyArystan әуе компаниясының ұшағы ұшу-қону жолағынан шығып кетті. Ұшақ бортында жолаушылар болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
FlyArystan әуе компаниясының ұшағы Алматы – Атырау бағытында FS7202 рейсін орындап, қонды.
“Қонғаннан кейін және ұшу-қону жолағын босатқан соң, рөлді тұраққа қарай бұрған кезінде әуе кемесі төмен жылдамдықпен жермен жүру жолынан шығып кетті. Бортта 166 жолаушы болды, олардың барлығы ұшақтан түсірілді. Жолаушылар мен экипаж мүшелері арасында зардап шеккендер жоқ”, – деп хабарлады әуе компаниясы.
- Шымкентте аспанда екі ұшақ соқтығыса жаздады
- Әуедегі ұшақта пауэрбанк өртеніп, жолаушылар зардап шекті
Сондай-ақ FlyArystan компаниясының өкілдері жағдайды белгіленген тәртіпке сәйкес тергеп-тексеру үшін әуежай қызметтерімен және авиациялық билік өкілдерімен бірлесіп жұмыс істеп жатқанын хабарлады.
Еске салайық, Алматы-Қызылорда бағытындағы ұшақ техникалық ескертуге байланысты әуежайға кері қайтқан еді.
Күйеуі қуып шыққан астаналық әйел үш баласымен аялдамада түнеген: Тұрмыста зорлық көрген адам неліктен ешкімге жүгінбейді
Заңгер мен психолог мұндайда не істеуге болатынын түсіндірді
"Енді қарызға той, туған күн жасамайды": Несие беру талаптарының қатаңдауы қазақстандықтарға қалай әсер етеді
Экономист: “Енді несиеге той, туған күн жасалмайды: Басты қауіп – ломбард пен пайыздық қарыз”