Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау - Астрахань бағытында пойыздағы баланың өлімі: Қылмыстық іс қозғалды

Атырау - Астрахань бағытында пойыздағы баланың өлімі фактісі бойынша арнайы комиссия құрылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Атырау облысы білім басқармасының хабарлауынша, 7 тамызда 77 адамнан тұратын топ (төрт кеңесші, 73 бала) Атырау – Астрахань теміржол бағыты бойынша "Қазақстан геологы" санаторийіне (Железноводск) бағыт алған.

Жолға шыққаннан кейін бір жарым сағат өткен соң балалардың бірі өзін нашар сезініп, жедел жәрдем шақырылып, ол Нарын станциясына жеткен. Келген кезде жедел жәрдем баланың қайтыс болғанын хабарлаған.

"Атырау облысының білім басқармасы құзырлы органдармен бірлесе отырып, қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын тексеретін комиссия құрды. Сондай-ақ, топта әр адамның өз тамағы болғанын хабарлаймыз. Қазіргі уақытта баланың денесі сот-медициналық сараптамаға жіберіліп, қылмыстық іс қозғалды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ білім басқармасы қайтыс болған баланың отбасына барлық қажетті көмек көрсетілетінін айтты.

Еске сала кетейік, бұған дейін Атырау - Астрахань бағытындағы пойызда 2010 жылы туған баланың қайтыс болғаны туралы жазған едік.

Талқылау