Атеистерді тонап, теракт жасауға шақырған Ақтөбе тұрғыны 6 жылға бас бостандығынан айырылды
Ақтөбе соты әлеуметтік желіде Аллаға сенбейтіндердің мүлкін тартып алуға шақырған жергілікті тұрғынды алты жылға бас бостандығынан айырды. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі Диапазон басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
41 жастағы Ақтөбе тұрғынына қатысты бірнеше баптар бойынша қылмыстық іс қозғалған: "діни араздықты қоздыру" және "ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып, терроризмді насихаттау".
Осы екі бап бойынша ол 19 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін еді. Алайда ақтөбелік өз кінәсін толық мойындап, прокуратурамен процессуалдық келісімге келген, сондықтан оған жаза мерзімі айтарлықтай қысқартылды. Сотталған адам жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болады.
- Теміртауда екі жасар ұлын қатыгездікпен өлтірген өгей әке өмір бойына бас бостандығынан айырылды
- Олигархтардың ұлдарымен төбелескені үшін сотталған актер Тоқаевқа хат жолдады
Ақтөбелік тұрғын әлеуметтік желіде Қазақстанды зайырлы мемлекет мәртебесін жоққа шығарған хабарламалар жібергені үшін оған қатысты іс қозғалған.
Сотталушы сонымен қатар қазіргі мешіттер "мұсылмандарды басқарады", ал қазақстандық дінге сенушілер ханифат мәзһабынан бас тартуы керек деп жазған. Кейбір хабарламаларда ақтөбелік атеисттерді тонауға, өзге дін өкілдеріне күш көрсетуге шақырған.