Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атамбаевтың ұсталуы: Ауруханаға жарақат алған 10 адам түсті

Бішкек және Шу облысындағы ауруханаға жарақат алған он адам келіп түсті. Біреуін шұғыл түрде ота жасауға алып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 24.kg сайтына сілтеме жасап. 

Атамбаевтың ұсталуы: Ауруханаға жарақат алған 10 адам түсті

Фото: Акипресс

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлаған. 

Шу облыстық ауруханасында үш зардап шеккен. Екеуі резеңке оқтан кеуде жарақатын алса, тағы біреуінің миы шайқалған. Олардың жағдайы орташа ауыр.

Ал ұлттық госпитальге резеңке оқтан жарақат алған бір адам келіп түскен.  

Сондай-ақ, түрлі жарақаттармен алты адам жеткізілген. Біреуі жедел хирургияға алынды. Зардап шеккендердің жағдайы орташа ауыр.


Атамбаевтың ұсталуы жайлы. Оқиға орнынан видео жарияланды >>>
Талқылау