Атамбаев: Маған билік керек емес
Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев митинг кезінде оған билік қажет емес екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 24.kg-ға сілтеме жасап.
"Мені көп елдің президенттері көндіруге тырысты, оның ішінде еуропалық елдің президенті де бар.Мен әдейі билікті бейбіт түрде беру үшін прецедент жасадым. Атамбаевқа билік керек емес. Барлық жас, мен үшін балаларым сияқтысыңдар.Мен 2010 жылы бейбіт үкімет үшін тырыстым, себебі ешқандай заңсыздық болмауы тиіс", - деді ол.
Атамбаев ақша таратып жүрмегенін айтады.
"Мен түрмеден енді ғана шықтым. Жұбайым Раяның барлық шоттары бұғатталды. Раям әркімнен 500 сомнан жинап жүрді, - деді Атамбаев.
Бүгін Бішкекте түрлі саяси күштердің митингілері өтуде. Ескі алаңда Садыр Жапаровтың жақтастары митингіге шығады, Ала-Тоо алаңына Омурбек Бабановты министрлер кабинетінің басшысы лауазымына ұсынған партиялар жиналуға ниетті.
Айта кетейік, Қырғызстан астанасында наразылық білдірушілер экс-президент Алмазбек Атамбаевты Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің тергеу изоляторындағы қамаудан босатылған еді.