"Кей қыздарға қотырым қозды": Дариға Бадықова жаппай Барбидің образын қайталағандарды сынап тастады
Танымал актриса Дариға Бадықова Барби қуыршағының образына еніп, трендтен қалмаудың амалын жасап жүргендерді түсінбей дал. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
©instagram.com/dariga_badykova
“Өлә, мына жұртты айтамын. Барби дегенді аталары аманат еткендей әбігерге түсті-ау. Кей қыздарға әуелі, қотырым қозды”, – деп жазды өнер иесі.

Айта кетейік, бұған дейін бірнеше отандық шоу-бизнес өкілдері Барби образына еніп, әлеуметтік желідегі парақшасында видо жариялаған еді.
Атап айтсақ, әнші, актриса Салтанат Бақаева қуыршақтың образын жасап, эксперимент жасағанды ұнататынын айтқан болатын.
Балжан Бидаш та трендтен қалмады. Әнші өз образын барынша ерекшелеуге тырысты.
Қысқа қызғылт көйлек киген Әсел Сағатова Барби қуыршағының қорабынан табылды.
Актриса Жәния Джуринская да Барбиден аумай қалған.
"Оңай" ресейлік төлем жүйесімен байланысы бар деген күдікке ілінді: Пайдаланушылар дербес деректерінің қауіпсіздігіне алаңдады
"Оңайға" қатысты бірден екі мәселе туындады
Шымкенттік әйел өзін күйеуі мен енесі ұрып-соғып, екі баласымен үйден қуып жібергенін айтты
Қазір әйел екі баласымен әпкесінің үйін паналап отыр