Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атақты Лара Фабиан Димаштың концертіне неге келмейді?

Әлем таныған Димаш Астанада өтетін концертіне дайындалып жатыр. Димаш концерт береді дегенде бүкіл ел әйгілі француз әншісі Қазақстанға келеді деп шуласты. Алайда ел күткен Лара Димашпен бірге ән салатын әлемдік жұлдыздардың тізімінде болмай шықты.

19228533_630581223814727_2918874570523934720_n

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасы хабарлады.

“Бастау” деп аталатын ән кешіне соңғы дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы Димаштың досы әрі PR менеджері Алпамыс Шәрімов хабарлады.

“Соңғы дайындық кезеңіне келіп жеттік. Себебі әр күн, уақыт санаулы. Қазір бар күшімізді салып жатырмыз. Димаш тыңдармандарын таңғалдыру үшін күні-түні еңбек етуде”, – дейді Шәрімов.

Концертте танымал опера әншісі Майра Мұхамедқызы, I am a Singer жобасында Димашпен бірге бақ сынасып, оның Қытайдағы әкесі атанып кеткен Терри Лин, ресейлік Кристина Орбакайте және “Евровидение-2012” байқауының жеңімпазы Ларин ән салады.

Сонымен, Лара Фабиан Димаштың кешіне қатыспайды. Алайда қос әншінің қарым-қатынасы жақсы дейді Алпамыс. Шәрімовтің айтуынша, алдағы уақытта Димаш Ларамен дуэт айтып қалуы мүмкін.

Жіберіп алмаңыз:

Қайын атасы Баянның кітабын оқып, жоғары бағалады

Әлия Назарбаева Нью-Йорк Евразия кинофестивалінде жүлдеге ие болды

Сахнаға қайта оралған Зарина Омарова өзін жатырқаған әріптестеріне ренжулі

Жазира Байырбекова: Келінім пейілі тар қазақ болғанша, ниеті таза өзге ұлттан болсын

Талқылау