Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлия Назарбаева Нью-Йорк Евразия кинофестивалінде жүлдеге ие болды

ҚР президентінің қызы, продюсер Әлия Назарбаева Нью-Йорк Евразия кинофестивалінде марапатқа ие болды.

249178

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Әлия Назарбаева “Анаға апарар жол” фильмі үшін “Кинодағы евразиялық әйел” марапатын иеленді. Сонымен қатар, киноның өзі “Үздік көркем фильм” атанса, Алтынай Нөгербек үздік актриса атағына ие болды. Ал Серік Әбішев пен Ольга Хлащева “Қаратас ауылындағы оба” деп аталатын қазақстандық кино үшін үздік продюсер атанды.

Нью-Йорк Евразия кинофестивалі 21 ғасырдағы медиа әлемнің күрт өзгерісіне орай жауап ретінде жаңа кинематографиялық мәдениет қалыптастыру үшін ашылған фестиваль.

Бұған дейін Әлия Назарбаева “Анаға апарар жол” фильмін түсіріп, көпшілік ықыласына бөленген болатын. Енді продюсер режиссер Ақан Сатаевпен бірге “Томирис” киносын түсіруге дайындалып жатқаны хабарланған еді.

Оқи отырыңыз:

Үш балалы әзілкешке ұл туып берген Ақбота Сейтмағамбет сәбиін бесікке салды (фото)

Бағлан Әбдірайымов сырын жұртқа жайып салған жақыны туралы айтып берді

Жазира Байырбекова: Келінім пейілі тар қазақ болғанша, ниеті таза өзге ұлттан болсын

Күйеуінің арқасына мініп алған Салтанат Бақаева желіні шулатты (видео)

Талқылау