Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ата-енесінен ұялуы керек": Ерекше образымен туған күнін тойлаған Жәния Джуринская сынға қалды

Танымал актриса, продюсер, блогер Жәния Джуринская туған күнін ерекше образда қарсы алды. Актрисаның әріптестері жаңа жасымен құттықтаса, оқырмандары образын сынға алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Актрисаның күйеуі Данияр Хизметов қымбат білезік сыйлап, жүрекжарды тілегін жеткізді. 

“Менің өмірімде болғаныңа рақмет! Мен сенімен ғана отбасы құрғаныма бақыттымын! Өзіңмен жақсы қарым-қатынастамын. Біздің махаббатымыз көп адамға үлгі. Ең бастысы екеуіміз бақыттымыз және бір-бірімізді жақсы көреміз. Біздің бағытымыз бен жолымыз айқын. Дені сау балаларымыз бар”, – деп жазды блогер. 

Сондай-ақ актриса ерекше ашық-шашық образда фото жүктеп туған күнге тілек тыңдайтынын айтты. Алайда оқырмандары тілектен бұрын жағымсыз пікір жаудырды. 

“Қайын ата мен енеңнен ұялу деген жоқ”, “Киген киімің екеудің арасындағы құпияны жария еткенмен бірдей”, “Бұл тәрбие көрмегендіктің белгісі”, “Көшедегі қыздардың қылығы сияқты”, “Әке-шешесі қай беттерін ұстарын білмей отыр”, “Масқара, не пәле мынау” деген негатив пікір көп. 

Бірақ актрисаның әріптестері Ерке Есмахан бастаған бір топ өнер өкілдері туған күн иесіне ақжарма тілектерін жаудырып жатыр. 

Еске салайық, Жәния Джуринская қызы Сафияны бағу үшін филиппиндік күтуші жалдағанын жазған болатынбыз. 

 

Талқылау