Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ата-анасы сәбиін өлтірген қылмыскерді кешіріп қана қоймай оны қажылыққа аттандырған

Саудиялық Галиб Насир әл-Хамри әл-Балявидың отбасы осыдан жеті жыл бұрын өте қайғылы қазаға тап болған еді. Үй тазалықшысы болып қызмет атқарып жүрген индонезиялық жас қыз олардың 11 айлық сәбилерін өлтіріп қойған.

2-4

Қылмыскерге қатаң жаза берілуін талап етудің орнына Галиб оған кешірім беріп, кеңпейілдік танытады.

«Мен үй қызметкерін бірнеше себептермен кешірдім. Ең бастысы – Алла Тағала біздерге кешірімді болуға бұйырады. Ал, менің барлық ниетім – Алланың разылығына ие болу. Екіншіден, мені ата-анам кешірімді болу өсуге тәрбиеледі, ол кісілер менен үй қызметкерін ақтап алуымды сұрады. Үшіншіден, ешқандай жаза менің қызымды өмірге қайта әкелмейді. Керісінше, жап-жас қыздың өмірін тас-талқан етпей ме?!» – дейді ол.

Галиб полиция бөлімшесінен жас қызға үкім шықпай тұрып, арызын қайтарып алған екен. Жергілікті заң бойынша үй қызметкері өлім жазасына кесілуі тиіс болған.+

Галибтың қылмыскер қызға жасаған жақсылығы бұнымен шектелмейді. Оны Индонезияға қайтарар алдында қажылық рәсімін өтеуіне көмектескен екен.

Muslim.kz

Жіберіп алмаңыз:

Қытай дәрігерлері науқастың қолына өскен құлақты басына ауыстырып салды (фото)

Ғалымдар түрлі түсті картоп өсіріп шығарды

Мәскеу тұрғыны Құранды 45 миллион долларға сатудан бас тартты

Талқылау