"Ата-анасының алдында кетті": Гүлзира Айдарбекова марқұм Құрманай Бақтиярқызын есіне алды
Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова 49 жасқа қараған шағында дүние салған сазгер Құрманай Бақтиярқызына арнап, жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Коллаж: Stan.kz
Продюсер марқұмның шаңырағына барып, құран оқыды.
“Осыншама адам мейрамханаға сыймай қалды. Қаншама көлік көше бойында тұр. Мұның бәрі Құрмашымның елге керек жан екенін көрсетіп тұр. Халықтың дұғасы Құрмашты жұмаққа алып баратыны сөзсіз. Алла көріп, естуші еді. Ата-анасы мен ұрпағының алдында кеткені өкінішті. Одан ауыр ештеңе болмас. Ешкімнің басына бермесін”, – деп жазды Гүлзира Үсенқызы.
Сондай-ақ марқұм көзінің тірісінде продюсердің атын атамай, еркелетіп сөйлейтін болған.
“Мені “Гүлім” деп атайтын. Нұрекеңді “папа” деп кетті. Біздің біраз әндеріміздің авторы еді. Сол кезде де әнге сөз жазғанда “Гүлім” деген сөзді көп қосыпты. Менің ең қиын сәттерімде жанымда болды. Ерекше қасиеті ешкімді жамандамайтын. Әлі күнге дейін сенбейміз”, – деп көз жасына ерік берді продюсер.
Еске салайық, марқұм Құрманай Бақтиярқызының өмірінің соңғы сәтіндегі видеосы желіге тараған еді.