Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Басым айналып, құлап қала беремін": Марқұм Құрманай Бақтиярқызының өмірінің соңғы сәтіндегі видеосы желіге тарады

Танымал сазгер, ақын Құрманай Бақтиярқызының өмірінің соңғы сәтіндегі видеосы желіге тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/kurmanai_bakhtiarkyzy/

Марқұм ауруханада жатып, халыққа дұға тілеуін өтінген. 

“Бүгін тойға барамын деп едім, ауруханадан бір-ақ шықтым. Басым айналып, құлап қала беремін. Қан қысымым да төмен болып тұр. Алланың дегені осы болды. Тұсаукесерге барамын деп отыр едім. Жолдан макияж жасатамын деп едім. Ауырмайықшы! Тілекшілерім, мен үшін дұға жасаңыздаршы”, – деген соңғы сөзінде марқұм өнер иесі. 



Халық әртісі Мақпал Жүнісова оған соңғы рет тойда жолығып қалғанын айтты. 

“Осыдан бір ай бұрын Алматыда тойда жолығып қалған едік. Бұл жалған дүниеде бәріміз қонақпыз. Бүгін бар да, ертең жоқпыз. Аңқылдаған ақжарқын Құрманайжан, қош бол деуге қимасам да, амал қанша?! Артыңда қалған ата-анаңа, ұл-қыздарыңа қайғырып көңіл айтамыз. Иманың саламат болсын! Алла панасына алсын!”, – деп жазды әнші. 

Еске салайық марқұм ақын 49 жасында дүние салған еді. 

 

Талқылау